Математика елінде

Ақмола облысы Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы
МКҚК «№1 Балабақша»
Тәрбиеші Жарқынбек Гүлмекен

Білім беру саласы:  «Таным»

Тақырыбы: Математика елінде

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Мақсаты: Реттік санау қабілетін нығайту (5 саны көлемінде); сандық және реттік санауды ажырата білуге үйрету, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін нығайту.

Дамытушылық: заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету, салыстыру ұғымдарын ажырата білуді үйрету, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:            

Біледі: 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды.

Меңгереді: реттік санау дағдысын (5 саны көлемінде); реттік сандар туралы білімді; заттарды салыстыруды, геометриялық пішіндерді.

Игереді: сандық және реттік санауды бір-бірінен ажыратуды, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруді, оқиғаның ретін анықтауды.         

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *