Сыдихова Альбина Сейілханқызы Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау селосы «№4 Исатай аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі

Жаңа жыл – Жаңа нұр!

Әдемі әуенмен залға Ақшақар кіреді.    

Ақшақар: (залды айнала билейді)

-Бүгін менің көңіл-күйім тамаша. Мен мына мұз қалашығында жаңа жылдық кеш ұйымдастырғалы жатырмын.  Шақырған қонақтарымның алдыда келіп қалыпты ғой!

-Сәлеметсіздерме ата-аналар! Сәлеметсіздерме қонақтар! Қош келдіңіздер!

Мына мұз қалашығында меннен басқа кім бар,кімдер бар деп жан-жағына қарап дауыстайды.

Ақшақар көңілі түсіп мұңайып, шырша түбіне келіп отырады.

Осы мезгілде қоян шыға келеді. Қоян  көңілсіз отырған Ақшақарды көріп қасына келеді.

Қоян:Ақшақар бұл сенбісің! Неге көңілсізсің! Не болды саған!

Ақшақар: Қоян менің достарым көп еді. Бірақ бірін таба алар емеспін. Мен мына мұз қалашығында жаңа жылдық кеш ұйымдастырғым келеді.

Қоян:Ақшақар көңіліңді түсірме мен сенімен дос болайын. Ақшақар мына мұз қалашығы мұздай салқын екен. Ендеше мына мұз қалашығын сүйкімді бүлдіршіндердің мейрімімен жылытсақ қайтеді. Жаңа жыл кешіне көптеген қонақтарды шақырып, көңілді өткізейік.

(осы жерде Қоян Ақшақарға  жаңа жыл кешіне шақыратын достарын айтып қуантады)

Ақшақар: Қоян досым саған рахмет. Алақай-алақай деп қуанады.

(Ақшақар шыршаны әдемі әуенмен әсемдеп жатқанда қорапшаны көріп қалады)

– Ой мынау не сыйлық? Ішінде не бар екен ашып көрейін!

(ақшақар қорапты ашады. Ішіннен әдемі шарлар және екі сайқымазақ шығады.)

1сайқымазақ –Сәлеметсіңбе ақшақар,сәлеметсіздерме қонақтар

2сайқымазақ –бізді жаңа жылдық кешке сіздерге аяз ата жіберді.

Ақшақар:

-Неткен әдемі сыйлық едіңдер. Мен қуаныштымын!

Сайқымазақтар:  Ақшақар мұз қалашығы сондай әдемі екен,ендеше жаңа жылдық кешімізді бастайық.

Бәрі бірге:  Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

  1.            Тамаша тамаша

                      Шыршамыз тұр жараса

      2.              Басында әсем жұлдызы

                      Көз тоймайды қараса

Қоян:

Жаңа жыл жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанына

Келеді міне  бала нұр.

(ортаға балалар келеді)

  Ақшақар :

Балалар мұз сарайына қош келдіңдер!

1.Сайқымазақ қандай сүйкімді бүлдіршіндер!

2.Сайқымазақ жаңа жылдық кешке қандай өнер ала келдіңдер?

Тәрбиеші: Ақшақар біздің балалар жаңа жыл кешіне өз өнерлерін ала келді. Ендеше кештің шымылдығын әсем әнмен бастайық.

Хор: « Шырша»

Сайқымазақтар балаларға сұрақ қояды.

(залға ұрланып түлкі кіреді де шырша жанына барып ойыншықтарды ұрлай бастайды )

  1. Сайқымазақтар : Түлкіні көріп қасына барып: Әй түлкі не бүлдіріп жатырсың? Қандай ойың бар? Бұл мұз сарайындағы кештің шырқын бұзуға саған жол бермейміз.

Түлкі:  (Түлкі сайқымазақтардың сөзіне құлақ аспай,қолын бір сілтеп қулана түседі)

-Ақшақар,Ақшақар мұз сарайындағы жаңа жыл кешіне мені неге шақырмадың?  Тууу сонау антрактидадан,орманнан  қонақтарды шақырғанда

Сондай сұлу,әдемі мына неге шақырмадың?

Қоян: Қу түлкі саған қалай сенеміз? сен былтырғы жаңа жылдық кештің

шырқын бұзғансың. Сондықтан мен сені шақырмадым

Түлкі: жо жоқ жоқ Ақшақар мен былтыр уәде бергенмін,бұдан былай бұзақылық жасамаймын деп қулана түседі. Мен мұз сарайын бірінші рет көріп тұрмын, осы мұз сарайындағы жаңа жыл кешіне қатысуға рұхсат етші Ақшақар.

Айтпақшы Ақшақар саған арнаған сыйлығым бар еді, мен соны ала келейін.

(түлкі сыйлығын  алып келуге залдан кетіп калады)   

Тәрбиеші:Тақпақтар

Нұрмухаммед:

Жаңа жыл жаңа қадам, жаңа бақыт

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт

Жақсылықтың белгісі жаңа уақыт

Келіп міне, жатырмыз қауқылдасып

Орынжан:

Құтты болсын Жаңа жыл барша қауым

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім

Қазақтың пейіліне тарту етсін

Табиғат ашық аспан таң шапағын

Сауран:

Көтерілдім тағыда бір белеске

Мұның өзі бір ғанибет емес пе

Мың жылдықпен қатар келдің Жаңа жыл!

Сондықтан да сенің жолың ерекше

Айзере:

О, Жаңа Жыл! Менің айтар әнім көп

Қазақстан туған жоқпа сәнім боп

Бар халықпен достығымыз жарасып

Өтейінші бірге туған бауыр боп

Алмаз:

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Көрсін біздей балғынды

Шырқатайық ән- жырды

Сүйкімді бүлдіршініміз  Аман Азизаның орындауында «Шыршаға барамыз » әнімен қарсы алыңыздар

Түлкі:Түлкі келіп Ақшақарға сыйлығын ұсынады.

Би: « Қояндар мен түлкілер» (осы кезде түлкі кішкене қояндар мен түлкішелердің биіне қызығып,қызғана қарап,мен неге билемеске деп ортаға шығып бірге қосыла билейді)

Сайқымазақтар: Түлкі өзің сондай биші екенсің!

Ақшақар: Қане ата-аналар қошеметтеп отырайық.

Тақпақ:

Мират:

Скоро, скоро Новый год

Скоро Дед Мороз придет

Он подарки нам разносить

И стихи читать нас просит

Ақнұр:

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле Жаңа Жыл

Бізге құтты Жыл болсын

Рахим:

Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Диар:

Дед Мороз, скорей приди

Нашу елочку зажги

Пусть горит огнями

Разными цветами

Ақерке Х

Аяз ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып

Қарсы алғалы Жаңа жылды

Ол да көптің бірі болып

Хор: «Елочка»

Ертегі:  «Қар ханшайымы»(ағылшынша)

Ескендір:

Жапалақтап ақша қар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап

Ерсәт:

Жылда осылай келеді

Көп қуаныш береді

Шашу етіп біздерге

Ақ күмісін төгеді

Алмас:

Снег идет, снег идет

Значит скоро Новый Год

Дед Мороз к нам прийдет

Всем подарки принесет!

Мейіржан:

Итс комминг бойс

Итс алмост хен

Итс коминг герл

Зе глад ню йер

Дастан:

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Ақшақар: Кішкентай Ақшақарым біз осы  жаңа жылдық кешімізге Антрактикадан пенгвиндерді шақырған едік,неге кешігіп жатыр екен:

(әдемі мызыка ойналады)

Сайқымазақтар: Ақшақарлар көңілдеріңді түсірмеңдер келіп қалар.

Пингвин: Міне менде келіп қалдым деп амандасады.

Бәрі бірге: Пингвин біздің жаңа жылдық кешімізге қош келдің! Ал сен неге жалғыз келдің.

Пингвин: Ақшақар мұз сарайы сондай әдемі екен.Мен жаңа жыл кешіне өзіммен бірге кішкентай пенгвиндерімді ала келдім. Сендерге сыйлық ретінде  биімізді тарту етеміз.

(осы кезде кішкентай пингвиндер келеді)

Би: «Пингвин»(Ақнұр, Мират, Жанасыл, Рахим, Нұртаза, Диар, Ақерке Х)

Ақшақар: Рахмет сендерге көңіліміз бір көтеріліп қалды.

(қатулы музыка естіледі)

Ортаға Мұз  ханзадасы хақарлы музыкамен  келеді.

Мұз ханзадасы:  Қатулы үнмен  Кімдерсіңдер сендер?

Менің  мұз  сарайымда не істегелі  жатырсыңдар?

Шығыңдар мұз  сарайымнан, кім рұхсат берді кіруге?

Ақшақар: Мұз  ханзадасы,   кешіріңіздер мені, мұз сарайы  мұздай салқын  көңілсіз  еді, балалардың  мейірімімен  жылытқым келді.

Мұз  ханзадасы:  Жоқ! Біздің  жүрегіміз  ешқашан  жылымайды. Шығыңдар бұл жерден.  Боран,боран қайдасың?  Мына  менің сарайымды  иемденген  қонақтарды ұшырррррр.  Мұзға  айналдыр.

Сыңғырлаған әдемі әуенмен  періште келіп,айнала билейді. (кейіпкерлер    шарикті  үреді)

  Періште өзінің  жүрегіндегі  жылуды би арқылы  ханзадаға  жеткізеді.  Осы  жерде қатулы Ханзаданың жүрегі жібіп, мейірлене түседі. (барлық кейіпкерлер Ханзаданы ортаға алып  билейді)

Мұз ханзадасы: Періште менің мұзға айналған жүрегімді мейіріміңмен жылыттың! Саған рахмет. Ендеше мына біздің мұз сарайымызда жаңа жыл кешін жалғастыруға менен рұқсат.

(періште мұз қалашығынан шығып кетеді)

Кейіпкерлер: Мұз ханзадасы рахметін білдіреді.

Сайқымазақ: Мұз ханзадасы біздің бүлдіршіндеріміздің орындауында биін тамашалаңыздар.

Би: «Заманауи биі»(Алсу, Ләйсан, Жанэль, Азиза Сайда)

(Мұз ханзада көңілді әуен ырғағымен шығып кетеді.)

Тақпақ

Мадина:

Оралдық өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқар тау қарлы шың

Ақерке А

Жылдың әнін бастайық

Аяз ата кеп қалды

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды

Зере:

Сказочное время

Праздник Новый год

Дед Мороз- волшебник

В гости к нам идет

Ақерке С

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата әже, әке шеше

Құтты болсын жаңа жыл

Жанэль:

Ёлочка, ёлочка.

 Вот она какая.

 Стройная, красивая,

Яркая , большая!

Сайқымазақтар: Ендеше көңілді кешімізді әсем әнмен жалғастырсақ қалай болады.Кішкентай бүлдіршініміз Нұрғуат Сауранның орындауында «Келді міне Жаңа жыл» әнімен ортаға шақырайық.

Ән: «Келді міне Жаңа Жыл!» (Сауран)

Алсу:

Аяз келді қаһарлы

Айналаны қар жапты

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты

Ләйсан:

Той, мереке, салтанат

Думандатып шартарап

Келді, міне Жаңа Жыл

Тартуларын арқалап

Азиза:

Дед Мороз! Дед Мороз!
Ты нам сладости принес?
Ты в секрете не держи,
Что в мешке там, покажи?

Нұртаза:

Здраствуй, праздник новогодний,

Праздник ёлки и зимы

Всех друзей своих сегодня,

Позовём на ёлку мы

Сайда:

Жаңа жыл, Жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Жадырап барлық бала жүр

Ән: «Аяз ата» (Айзере, Ақерке А, Зере)

Осы кезде күшіктің дыбысы естіледі.Ескі жыл,Жаңа жылды ортаға алып келеді.

Ескі жыл: Саламатсыңдарма бүлдіршіндер!

Саламатсыңдарма қонақтар!  Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Менің жылым құтты жыл болды. Қазақстанымыз көркейіп өсіп келеді. Балабақшамызда  да бірнеше жетістіктеріміз көп болды.Атап айтсақ (Жазылу керек жетістіктер)

Ескі жыл(ит): Енді мен сендермен қоштасамын, мен өзіммен бірге жаңа жылды (доңыз) ерте келдім. Бәрі ескі жылды шығарып салады.

Кейіпкерлер: Қош келдің жаңа жыл! Жаңа жылымыз құтты болсын!

Жаңа жыл сөйлейді.(Құттықтау сөзі)

                                           Жаңа Жылдың таңы неткен арайлы,
                                      Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
                                      Жаңа Жылмен құттықтаймын бәріңді,
                                      Бақыт шаттық, молшылық әкелсін,
                                      Бәрімізге мына жыл арайлы.

Хор: «Жаңа жыл»

Екі сайқымазақ: Ал балалар сендер жаңа жылдық кешке бірнеше өнер тарту еттіңдер,енді сендер әдемі сыйлықтарға лайық екенсіңдер.

Сайқымазақ: Балалар жаңа жылда кіммен сыйлық алатын едіңдер,енді ортамызға кім келу керек еді.

Балалар:  ауу, ауу деп дауыстап Аяз атаны шақырады.Музыка әуенімен Аяз ата келеді. Аяз ата өзінің жаңа жылға арналған лебізін өлең жолдары арқылы жеткізеді.

Аяз ата сөзі:

Кейіпкерлер: Аяз ата біздің балалар сізді сағына күтуде.Ендеше сіздің құрметіңізге бүлдіршіндеріміздің орындауында «Ақ аюлар» биі.

Би: «Ақ аю» (Нұрмухаммед, Ескендір, Орынжан, Дастан, Мейіржан, Сауран)

Ақ аюдың сөзі: Ақ аюдың жаңа жыл кешіне жылы лебізі.

Ертегі: «Қолғап»

Ақшақар сөзі: Кейіпкерлерге,бүлдіршіндерге рахметін айтып,жақсы тілегін білдіреді.

Кейіпкерлер биі:

Құттықтау сөз:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *