Сыдихова Альбина Сейілханқызы «№4 Исатай аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» Тақырыбы: «Қонақ келсе- қуаныш»

Тақырыбы: «Қонақ келсе- қуаныш»

 Мақсаты: «Қонақжайлылық»  ұғымы туралы түсінік беру.

Міндеттері: -қонақ, қонақжайлылық туралы түсінік беру.

                    -жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

 Қолданылатын  көрнекі құралдар:Бейнетаспа, фотосуреттер, слайд,  суреттер.

Әдіс-тәсіл:  сұрақ-жауап, әңгімелеу, әңгімелесу, ойқозғау, ойын. 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Моти вация лық –қозғаушылық Тыныштық сәті Денелеріңізді тік ұстап,аяқтарымызды айқастырмай, еркін отырамыз. Көзімізді жұмсақ та болады. Елестетіп көрейік. Сендерді жақын достарың қонаққа шақырады.Ол сен сүйіп жейтін тағамдар мен мульт фильмдерді дайындап қойыпты.Бір сәт өзіңді шақырған қонақтықта отырмын деп елестетіп осы сәтпен бір рахаттанып алайықшы.Енді көздеріңді аша қойыңдар. Шаттық шеңбері Осындай әдемі сезімде ортаға шығып шаттық шеңберін құрып,бір-бірімізге күлімдей қарап,бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.   Балалар  еркін отырып, көздерін жұмады.Өз дерін  қонақтықта отырмыз деп бір сәт тыныштық сәтін басынан кешіреді. Балалар бір –біріне жақсы тілектер айтады. Үнемі көңілді болып жүрейік. Бәріміз бақытты болайық. Достарымызбен бірге қыдырайық.
Ұйымдастырушылық –ізденістік Әңгімелесу Тәрбиеші: Мен сендерге қонақтық  туралы бекер айтқан жоқпын.Қазақ халқы ежелден қонақжай халық.Келген адамнан ештемесін аямай,барын дастарханға қояды.Қонақты қарсы алып, шығарып салуға ерекше мән берген.Қонақты жылы жүзбен қарсы алған үйді «қонақжай үй»екен  дейді. -Сендер қонақ шақырғанды,қонаққа барғанды жақсы көресіңдер ме? Ендеше осы қонақ күту тәртібін әңгімелеп көрейік. Қонақ күту, қонақ шақырудың белгілі бір тәртібі болады. І-саты: «Шақыру». Қонақты түрлі жағдайда шақыруға болады. (балалардан сұрау) ТелефонменКөзбе көз кездескендеШақыру қағазы арқылы -Қонақтықтың қандай түрлерін білесіңдер? Балалар жауабы толықтырылады.   Туған күнШәй ішугеТойға Мерекелік дастарханғаҚоныс тойҰлттық салт-дәстүр жоралғыларына байланысты қонақтық. (шілдехана, тұсаукесер) ІІ-саты: «Қонақты қарсылау». Амандасу Төрге шығару Бұл сатының да өз ережесі бар. Слайд арқылы көрсету. Алжапқыш киген бала, әдемі киінген бала. -Қонақты қандай киіммен , қалай қарсылау керек? -Осы екеуінің қайсысын сызып тастаймыз? Балалар жауабын толықтыру. Иә, балалар,қонақтарды жылы қабақпен жарқылдап қарсы аламыз.  Қонақ келгенде қолымыз бос болуы керек. Үстімізге әдемі киімімізді киіп қонақпен амандасамыз.Көңіл күйіміз көтеріңкі қонақпен жылы сөйлесіп киімдерін алып іліп қоямыз.Төрге шығарамыз . Жағдаят  видео арқылы Қонақты қалай қарсылау керек? Екі бала шығады бірі үй иесі екіншісі келген қонақ бала.Туған күн иесі қолы жуылмаған үсті кір ал қонақ бала оған сыйлығын ұсынады.Туған  күн иесі жалма –жан сыйлықты ашып қарап «ой мынау ма әкелгенің бұл маған ұнамайды»-деп сыйлықты лақтырып жібереді. -Ал енді осы көріністегі қылықтары дұрыс па? Келген қонақтың қолына қарамауымыз керек. Сыйлыққа не әкелсе де ризашылығымызды білдіруіміз керек ІІІ-саты: «Қонақ күту» Қазақ халқының аса мән-маңыз беретін орны дастархан басы.Дастархан басына әуелі үлкендер жайғасады,содан кейін барып жасы кішілер орналасады. Дастархан дайындау.Мейлінше қонақтардың өздері сүйіп жейтін астарын дайындаған дұрыс. Алайда, шақырылған қонақтардың да өз ережесі бар.Олар шақырылған жерге уақытында баруы керек.Үй иесінің  кемшілігін бетіне баспаған дұрыс. «Артық затты тап» ойыны слайд арқылы көрсету. Бұл ойыннан яғни дастархан жасап болғаннан кейін дастархан басын мұқият қарап шығуымыз керек  екен.Үстел үстінде ештеңе қалып қойған жоқпа . ІV-саты: «Көңіл көтеру». «Қонақтың бабы» Келген қонақтардың көңілді отыруына, бабын табуға мүмкіндік жасайды.Ол үшін келген қонаққа айналысатын істерін ұсыну керек.Фотоальбомдар, кітаптар,мульфильмдер, ойындар ұсыну. V-саты: «Қонақты шығарып салу». Қазақ  халқы ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын ел. Сондықтан қонақты қарсы алып, шығарып салуға ерекше мән берген. Келген қонақтарға уақыт тауып келгені үшін рахметін айтып сый-құрмет көрсеткен.Ал сау болыңыздар! –деп үйде қала бермей, далаға бірге шығып ,қоштасқан абзал. (жақсы сөздерді балаларға айтқызу). Әңгімелеу. Балалар, бұның барлығы «қонақжайлық» ұғымына келіп тіреледі. Мен сендерге бейнетаспа арқылы «Түлкі мен тырна» ертегісін әңгімелеп берейін. Сендер мұқият тыңдап, бұл екеуінің қылығы қонақжайлылыққа сәйкес келе ме қарап отырыңдар. (ертегі бейнетаспадан жіберіліп оқылады. -Қалай ойлайсыңдар, ол ертегіде Түлкі мен Тырна бір-біріне қандай қонақжайлылық көрсетті? -Балалар, өздерің осы ертегіні басқаша қалай аяқтар едіңдер? -Келесі жолы Түлкі мен Тырна қонақтарын қалай күтеді? Халықта «Қонақ келсе- құт  келер» деген нақыл сөз бар.Әр шаңыраққа келген қонақ сол үйдің берекесі, құты.Қонақ келген үй қуанышқа, қызыққа толы болады. Балалар біздің тобымызда « Біздің сөздік қорымыз» деген сандықшамыз бар.Соған керекті сөздерімізді алмаймыз ба? Бүгінгі оқу іс-әрекет барысында көптеген сөйлемдер айтылды.Сендер тыңдап отырыңдар.Керегін сандықшамызға жинаймыз. Қажет емесін қоқыс жәшігіне саламыз. Сөйлемдер оқылады. «Қош келдіңіздер, төрге шығыңыздар!». «Үстіне қиген киімі нашар ғой» «Келгендеріңізге өте қуаныштымын!». «Дастарханнан дәм алып отырыңыздар!». «Мына қонақ тезірек кетсе екен!». «О, қонақтықта қарынды тойдыратын болдым!». «Қонаққа тағы келіп тұрыңыздар». «Әкелген сыйлығының түрін қара». Ал енді балалар, біз барлық қонақ күту ережесімен таныстық.Ендеше «Қонақ күтеміз» ойынын ойнасақ қайтеді. Балаларды екі топқа бөліп бірінші топ «үй иесі» екінші топ «қонақтар» етіп тағайындау. Екі топты қажетті заттармен қамтамасыз ету. Ойын аяқталғасын балаларға: Балалар, сендер қонақ күту ережесін дұрыс меңгерген екенсіңдер. «Қонақжайлылық»  қасиеттеріңді де көрсете білдіңдер.Сендерге көп рахмет.Ұлтымыздың осы бір тамаша «қонақжайлық» қасиетін бойына сіңірген ұрпақ болыңдар.Барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуымыз керек.Амандасу түрлерін, адамдарды құрметтеу,кішілерді сыйлау , адамдардың бір-біріне мейрімділікпен, қамқорлықпен қарап, шыншыл бала болуымыз керек.Енді мен сендерге «үй иелері» және «қонақтар» рольін жақсы ойнаған артистер ретінде бағалап сыйлық дайындадым. Қабыл алыңдар. Екі әдемі сөмке біреуінің сыртында «Үй иелеріне» екіншісінің сыртында «Қонақтарға деген жазу бар. Сөмкенің ішіне қатысқан балалардың жеке суреттері салынады. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.         Балалар жауабы.         Балалар түрліше жауап айтады.               Балалар қалай амандасатынын , амандасудың басқа да жолдарын айтады.     Алжапқыш киген баланы сызып тастаймыз. Себебі: қонақты әдемі киініп қарсы аламыз.   Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.     Балалар жауабы.     Балалар жауабы тыңдалады.   Жоқ. Бұл қылығы дұрыс емес.     -Жоқ. Ол баланың қылығы дұрыс емес. Балалар тәрбиешінің айтқанын қызыға тыңдайды.           Балалар теледидардағы суреттен артық затты табады. Ойынға белсене қатысады.               Қош болыңыз! Келгеніңізге рахмет! Тағы да қонақ болып тұрыңыздар! Көріскенше күн жақсы болсын!   Балалар ертегіні қызыға тыңдайды.   Балалар сұрақтарға жауап береді. Егер түлкі тырнаның сүйікті асын өзінің құмырасына құйып берсе ,тырна да түлкіге тамақты табаққа құйып беретін еді.         Балалар бүгінгі дәйексөздің мағынасын түсінеді.     Керек сөздерді сандықшаға салады.   Керек емес сөйлемді қоқыс жәшігіне өздері салады.       Балалар ойнды рольге бөліп ойнайды.   Ойынға қызыға қатысады.       Тәрбиеші рольді жақсы ойнаған балалараға  дайындаған сыйлығын береді. Балалар қуанып сыйлықты қабыл алады.    
Рефлексикалық-түзетушілік Тыныштық сәті «Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді есімізге түсірейікші.Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл-күйіміз көтерілді.Ісіміз де, сөзімізбен ойымыздай, болатынына сенімдімін ҰОҚ көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзінде асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайықшы. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады». Балалар көздерін жұмып бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін көз алдарына елестетеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: «Қонақ» сөзінің мағынасын, қонақ күту ережелерін.

Игереді:: «Қонақжайлық» қасиетін бойына сіңіреді оғаш қылықтардан аулақ болады.

Меңгереді: Қонақ шақырып, қонақ қабылдап ойнай алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *