Абдрахманова Айгүл МуратовнаБҚО Бөкей ордасы ауданы,Саралжын ауылы Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы Ортаңғы топ тәрбиешісі

Батыс Қазақстан облысы

Бөкей ордасы ауданы

Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының ортаңғы  топ тәрбиешісі

Абдрахманова Айгүл Муратовна

Тақырыбы: Мамандықтар әлемі

Мақсаты:Мамандықтар туралы түснік беру.

Барлық  мамандық иелерінің еңбектерін бағалауға үйрету.

Мамандықтарға қызығушылығын артыру.

Өту барысы:

Тәрбиеші:Балалар сендер балабақшаға қай уақытта келдіңдер?

Балалар: Таңда

Тәрбинші:Дұрыс айтасыңдар!Міне тағыда таң атып күн шықты.

-Қайырлы таң көздерім!

-Қайырлы таң құлақтарым!

-Қайырлы таң қолдарым!

-Қайырлы таң аяқтарым!

Сендер ояндыңдарма?

Ия біз ояндық!

Ендеше бізге келген қонақтармен амандасайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Құрметпенен сіздерге,

Бас иеміз біз.

 Тәуелсіз мына заманда,

Сұраныс көп маманға.

Нағыз маман пайдалы,

Мемлекет,қоғам,адамға-деп бүгінгі іс-әрекетімізді бастаймыз

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр, сендер мұқият тыңдап жауап беріңдер.

Ауырғанда емдейтін-(дәрігер)

Тамақ пісіретін-(аспаз)

Балаларды оқытады-(мұғалім)

Ия балалар сендер дұрыс айтасыңдар, біздер бүгін мамандықтар жайында айтамыз.

Суретпен жүмыс:

Есік қағылыды қонақтар келеді.

Мамандар сөйлейді…..

Балалар келген қонақтарға өлең жолдарын айтып береді.

Әкем менің дәрігер

Анам менің аспазшы

Ағам менің етікші

Жеңгем менің суретші

Атам менің ол ұста

Бәрі-бәрі жұмыста

Дидақтикалық ойын « Мамандық иелерінің құралдары»

Шарты:Әр мамандық иесіне тән құралдарын тауып апарып беру.

Сергіту сәті:

Іш ауырса , тіс ауырса

Мамам дәрі береді.

Барлық бала, барлық адам

Оны жақсы көреді.

Балалардан өскенде сен кім боласың?  сұрақ-жауап жүргізу.

Қорытынды:

Балалар бүгін біз не туралы өттік?

Қандай мамандық иелерімен таныстық?

Балаларды мақтап-мадақтау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *